• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін «Кітап – достық көпірі» тақырыбындағы эссе байқауы оқырмандар арасында еліміздегі халықтардың әдебиеттерін насихаттап, оқытуға және ұлттар арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

2019 жылы байқау украин әдебиетіне арналды. Жыл сайын байқауға жас оқырмандарымыз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Биылғы байқаудың жүлдегерлері қатарында біздің оқырмандарымыз: Жәңгір Әмірхан  І-орын, Юностиев Айдос ІІ-орын (Алғабас ауылдық модельді кітапханасының оқырмандары) иеленді, «Украин әдебиетіндегі менің сүйікті шығармам» номинациясы бойынша Бақтықайыр Ару (Қособа а/к), Галимжанова Асель (аудандық балалар кітапханасы), Есімбаева Айгерім (Қазақстан а/к) марапатталды.