• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Ұлы философ, ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы өтті.


Биыл ұлы философ, ғұлама, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде Қазақстан әлем халықтарымен бірге аталып өтілетіндігі баршамызға аян. Адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне еңбек сіңірген ғұламалардың бірі – халқымыздың данышпан перзенті, әлемнің екінші ұстазы атанған – Әбу Насыр Әл-Фараби. Әлемдік өркенниетте өз орнын ойып алған ұлы ғұлама Әл-Фараби ілімін ұлт мүддесіне жарату, танып білу –рухани азық, баға жетпес құндылық. Бабамыздан қалған мол рухани байлыққа иелік етіп, оқырманға оқыту, қазіргі күннің кәдесіне жарата білу – біздің қасиетті парызымыз. 
Осы орайда аудандық кітапханада «Қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым» атты кітап көрмесінің ашыуы өтті. Үш бөлімнен құралған кітап көрмесінің «Әлемнің екінші ұстазы» бөлімінде екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы туралы анықтамалық әдебиеттер таныстырылса, «Әл Фараби және оның мұралары» бөлімінде ғалымның математика, филология, химия, биология, астрономия, философия, медицина, логика, саясаттану, құқықтану, теология салалары туралы еңбектері таныстырылды. Ал «Түркі әлемінің рухани жұлдызы» бөлімінде Әбу Насыр Әл-Фараби туралы айтылған ұлы ойшылдардың, ақын-жазушылардың пікірлері мен естеліктері, арнау өлеңдері, атаулы мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар таныстырылып, оқырманға оқуға ұсынылды.