• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Құрметті оқырмандар!

 Кітапханамыздың кітап  қоры анықтамалықтар, ақпараттық – танымдық жинақтар, өнер, көркем әдебиет және  поэзия жанрында  көптеген әдебиеттермен толығуда.

 

 Оспан Бердалы Әсілханұлы. Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін / Оспан Б. –Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2019.-744 бет.

«Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін» атты еңбек еліміз тарихының біздің дәуірімізге дейінгі кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі есімдерді қамтиды. Кітап еліміздің тарихының түрлі кезеңіне байлынысты қазақтың бабалары – сақ-скифтердің бабасы Тарғытай екені, патшалар Иданфирис пен Томирис, оның Спаргаписпен қатар сол заманның атақты ғұламасы Анахарсис, дәрігер Токсарид, ғұндардың патшасы Еділ-Аттиланың балалары мен замандастарының, байырғы түркілердің  елбастар Білге, Күлтегін  т.б. сынды тұлғаларының, Мысырды басқарған сұлтан Байбарыс және басқа түркі тектес мәмлүктермен қазақ ұлтының алқалы азаматтарының есімдерінің бір басылымға жиналуымен қызғылықты әрі құнды.

 

 

Атамекен: ақпараттық –танымдық жинақ / Құраст.С.Итеғұлов. // -Алматы: «Palitra-press», 2018.- 144 бет.

Жинаққа Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарына  қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады.Жинаққа еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

 

 

Мұқағали тілі сөздігі. /Байынқол Қалиұлы Қалиев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Шерубай Құрманбайұлы, Сәбира Сағынбекқызы Исакова.- Алматы: «Керемет медиа», 2019.-1064 б.

Қолдарыңыздағы сөздікте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 5 томдық шығармалар жинағында бар 13348 сөз бен 5035 тұрақты тіркес түгел қамтылып, олардың қайталанып қолданылған саны (282) көрсетілген. Тілдік бірліктердің әрқайсысына  анықтамалар беріліп, мысалдар келтірілген. Сол арқылы Мұқағалидың қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны айқындалған. Бұл сөздік – бір сөздік емес, ол түсіндірме сөздік пен жиілік сөздіктердің қосындысынан тұратын жиынтық (синтездік)сөздік. Яғни екі түрлі сөздіктің бірлігінен құралған сөздік.Еңбек тіл білімі қызметкерлері мен қазақ тілі мамандарына, магистранттар мен докторанттарға және мектеп мұғалімдері мен мұқағалитанушыларға арналады

 

 

Латын әліпбиі: теория және насихат.–Нұрсұлтан: «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, 2019.-280 бет+16 бет түрлі түсті тапсырма.

Ғылыми жинаққа қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты 2019 жылғы атқарылған жұмыстардың барысы туралы еңбектер енгізілді. Ғылыми мақалалар, әдістемелік, сараптамалық, сынамалық және насихат жұмыстары кітаптың әр тарауынан орын алды. Бұл жинақ әліпби, оның емле ережелері, олардың насихат шаралары қызықтыратын мамандарға және жалпы көпшілікке арналған.

 

 

 

Өнер бағытындағы әдебиеттер

 Далбағай Г.Е. Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия. /Г.Е. Далбағаай.-Өскемен: «Артекс» баспа-полиграфиялық фирмасы, 2019.-172 б.

Бұл хрестоматияға өзіндік құрылымы, орындаушылық ерекшеліктері ескерілген қазақтың окарина тектес үрмелі сазсырнай музыкалық аспабына арналған шығармалар топтастырылған. Халық әні мен күйі, халық композиторларының шығармалары, классикалық және заманауи композиторлық мектептің өкілдері жазған әр алуан бағыттағы музыкалық туындылар аспаптың дыбыстық қатарына шақталып, оның мүмкіндігі мен келбетін ашуға мол мүмкіндіктер береді. Үш бөлімнен тұратын хрестоматияға енгізілген шығармаларды музыка мектебінің оқушылары, арнайы орта білім және жоғары білім беретін оқу орындарының  студенттері оқу бағдарламасына сай қолдана алады.

 

 

 

Төлебаев М. Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары; -Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ 2019.-600 бет.

Бұл кітап негізінен Қазақстан республикасындағы мемлекет тарапынан құрылған 18 кәсіби және  60-қа жуық қажеттіліктен құрылған халық аспаптар оркестрлерінің репертуарларына пайдалану мақсатында ұсынылып отыр. Ол сондай-ақ Мұқан Төлебаевтың 34 шығармасы халық аспаптар ансамбльдерінің қолдануларына, арнаулы оқу орындарының музыка мамандарына , дирижерларға, жалпы әнсүйер қауымға арналады.

 

 

 

 

Құқық бағытындағы әдебиет

Қайранбаев Қ. Ар мен Заң алдында. / Қуат Қайранбаев.- Алматы: «Керемет медиа», 2019.-272 бет+8 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

Бұл кітапта бүкіл Қазақстан халқының назарында болған небір ауыр да күрделі сот істерін заңды және негізді шешімдермен  аяқтап, тек сот жүйесі мамандарының ғана емес, қалың елдің абройына бөленген Советхан Сәкеновтың өмір жолы мен атышулы «Қорғас ісі» процесінің барысы баяндалады. Кітаптқа арқау болған оқиғалар оның өмірінің сан қилы сәттері осындай ой-толғамымның негіді екендігінің тағы да бір дәлелі. Судья қызметінің салмағы мен сауабын көрсете алған бұл туынды оқырмандар жүрегінен орын табады деген сенімдеміз.

 

 

 

Өлкетану бағытындағы әдебиеттер

Боранқұл Амантай.Азаттық жолындағы азапты өмір. /А.Боранқұл.- Орал, «Полиграфсерфис», 2019.- 236 б.

Ұсынылып отырған тарихи-танымдық жинақ қазақтың алғашқы жоғары білімді заңгері, Алашорда үкіметін құрушылардың және оны басқарушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жаһанша Досмұхамедовке арналған. Жинақ Ресейдің, Өзбекстанның, Қазақстанның мұрағаттарынан алынған маңызды құжаттар мен Жаһаншаның тергеу кезінде берген жауаптарының негізінде жазылып құрастырылған. Бұрын айтылмаған тың деректер де кездеседі.Кітап ұлт тарихына бейжай қарамайтын

 

 

 Байхонов Серікбай. Алтай асу. Этно-роман. / С.Байхонов.-Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2019.-544 бет.

«Алтай асу» деп аталатын деректі-көркем этнографиялық романға аты әйгілі жиһанкез ғалым Николай Михайлович Прежевальскийдің 1879-1880 жылдары Төр Алтайдағы Зайсан қаласынан  басталған Үшінші Тибет сапары кезіндегі жолбасшысы Алдиярұлы Мырзаш батыр екеуі бастан өткерген қызғылықты оқиғалар арқау болған.Аты жөні, суреті КСРО заманында «Қазақстан тарихы» оқулығына енген Прежевальский–аңыз адам. Жер бетіндегі көптеген саяхатшылар секілді кәдімгі барлаушы. Кезінде дүние жүзі  мойындаған жаңалықтар ашқан ғалымды бүгінде көп адам жабайы түйе мен «Прежевальский жылқысын» ашқан адам ретінде таниды. Есімі «Қазақстан тарихы» оқулығына енген Мырзаш батыр да аңыз адам. Осы екі аңыз адам аңызға бергісіз түйе мен жабайы жылқыны іздеп, аңыз өлке Тибетке сапар шегуі оқырман қауымды бей-жай қалдырмайды деп ойлаймыз.

 

 

Тарази Ә.Шығармалары /Ә. Тарази.- Нұр-Сұлтан: Фолиант.

Көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әкім Таразидің бұл томына бірнеше киносценарий топтастырылған. Сонымен қатар қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаев жайлы естелік эссесі де осы томға енгізілген.Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Поэзия жанрындағы жаңа әдебиеттер 

Жақып Б.Желбіреп тұрған Көк Туым – биік тұғырым: Өлеңдер, поэмалар. / Бауыржан Жақып.- Алматы: «SUNSHINE plus», 2019.- 240 бет.

     «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, М.Мақатаев атындағы және Ж.Нәжімеденов атындағы әдеби сыйлықтың  лауреаты, ақын Бауыржан Жақып есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Оның «Желбіреп тұрған Көк Туым – биік тұғырым» атты бұл кітабына атамекен, туған жер, өскен орта туралы отан сүйгіштік тақырыбына жазылған жырлары топтастырылып отыр. Кең байтақ Қазақстанның әсем табиғаты мен тарихи жерлері асқақ рухпен, перзенттік махабатпен жырланады. Сондай-ақ қазақ елінің тұлғалы азаматтарының бейнелері сомдалады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Оңғарсынова Ф.Шілде. /Фариза Оңғарсынова.- Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2019.-480 бет

    Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар –ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.

 

 

 

Асқаров Е.Кірлеме, менің жүрегім.- Нұр-Сұлтан: Фолиант,  2019.-480 бет.

    Бұл кітапқа ақын, аудармашы, драматург, айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты айтыскер Ерік Асқаровтың әр жылдары жарық көрген шығармалары топтастырылып берілді. Сырға толы лирикалық өлеңдері, сонымен қатар пьеса, аударма, повесть және әңгімелері, жыр дүлділдерімен сөз қағыстырған айтыстары да кіріп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған.