• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша  кітапхана қызметкерлері «XXI ғасыр - кітапханасы жастар  көзімен» атты жас кітапханашылар конференциясының кезекті жастар трибьюті қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға, ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай - қазақ халқының алтын діңгегі»  тақырыбындағы ұйымдастырылды.

 

Қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған трибьютта жас кітапханашылар  қазақ әдебиетіндегі Абайдың алар орны мен бүгінгі таңда Абай шығармаларына деген талап туралы ой өрбітті.

 

«Абай - қазақ халқының алтын діңгегі» тақырыбындағы  облыстық кітапханалық жастар трибьютінің жұмысы екі  бағытта өтті.  Бірінші бағыты  «Абай және кітапхана» деп аталды. Бұл бағыт бойынша  жас кітапханашылар  ақынның шығармашылығын оқырмандарға насихаттаудағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. (слайд-презентация және баяндама, уақыты   3 мин.)

         

Екінші бағыты  «Абай - шексіз әлем»  библиомикс.  Бұл бағыт бойынша конференцияға қатысушылар Абайдың поэмалары, мысалдары және қара сөздері бойынша түрлі форматта өздерінің көпшілікпен жұмыстану шеберліктерін танытты. (сахналау, монолог, рэп оқу, мюзикл, моноспектакль т.б уақыты 3мин) 

 

Конференцияға жүйе бойынша 7 кітапхана қызметкері қатысып,  қорытындысында облыстық трибьютке 3 кітапхана мамандарының жұмыстары жолданды. Облыстық трибьютте М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балалармен жұмыс әдіскері Ляззат Бергалиева бірінші «Абай және кітапхана» бағыты бойынша «Абайдың қара сөздері - ұрпаққа ұлағат» тақырыбында баяндама оқыса,  екінші «Абай - шексіз әлем» библиомикс бағыты бойынша Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін әдіскер Раушан Муханбеткалиева орындап, Абай Құнанбаевтың «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін Жырақұдық ауылдық кітапханасы кітапханашысы Жазира Жұма оқыды. Оқырмандарға өркениетті қызмет көрсетуде Абайды кеңінен насихаттауда ақын шығармашылығы жайында тәжірибе алмасып, ақын туралы бүгінгі заман көзімен ой бөлісті.