• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы 2020 жылдың 11-12 маусым күндері аралығында ZOOM платформасы арқылы «Балалар мен жастар: цифрлық ортада оқу» тақырыбында кітапхана мамандарының қатысуымен аймақтық семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын қалыптастыру, кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі, жасөспірімдердің кітап оқуына ықпал жасау. Аймақтық семинарға Ақтөбе қаласы Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының, аудандық кітапханаларының  кітапханашылары қатысты. Семинарда «Шығармашылық-инновациялық платформада: балалар оқуы», «Жасөспірімдердің кітап оқу дағдысын жетілдіру жолдары», «Ерекше балалармен жұмыс түрлері» атты тақырыптар қозғалды. Аймақтық семинарға М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Каримова Толқын Мендешқызы «Жазғы демалыста кітаппен мерзімді басылым беттеріне  онлайн саяхат» тақырыбымен қатысып, сертификатпен марапатталды.