• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «І Достық»  және  «Парасат» орденінің иегері, тәуелсіз «Тарлан» және халықаралық «АВЬЯС» сыйлықтарының лауреаты, абыз ақын, туған өлкеміздің асыл перзенті Қадыр  Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Сырым елінің жыр зергері Қадыр» тақырыбында оn-line жыр кеші өтті.

Аталмыш шараға Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандары ақын Қадыр Мырза Әлидің қазақ әдебиетіндегі  орны, ғибраты мол шығармалары туралы баяндаса, Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандары ақынның прозалық, драмалық туындылары жайында әңгімеледі. Ең алдымен «Қазақ жырының Қадыры» тақырыбында бейнеролик оқырмандардың назарына ұсынылды. Сөз кезегі Жаңақала аудандық кітапханасына ұсынылып, кітапханашы ақынның өміржолына қысқаша тоқталып өтіп, ақынның жырларын жүрегіне дарытып, сөзінің құдіретін ұғынған, ақынның  өлеңдерін кітапхана оқырмандары «Домбыра», «Даламыз бен бабамыз», «Бір үзім нан» өлеңдерін оқыды. Сөз Қаратөбе аудандық кітапханасына беріліп, кітапханашы Шүйіншалиева Гүлжанат Алтайқызы ақынның шығармашылығын әңгімелеп, оқырманы ақынның «Қайран бабам», «Сырым Датұлы» өлеңдерін жатқа оқыды. Шара соңында М.Есламғалиұлы атындағы Аудандық кітапхананың кітапханашылары Тасболат Айдана, Жетпісов Азамат Қ.Мырза Әлінің «Ұлы махаббат», «Туған жер» өлеңдерін мәнерлеп оқып, онлайн шараны тәмамдады.