• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде 11-16 маусым аралығында аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Бұлдырты, Шағырлыой, Өлеңті ауылдық модельді кітапханалары әлеуметтік желіде «Ұлы даланың құпия қойнауы» тақырыбында онлайн библиогид жариялады. Шара барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ел тарихының жаңа тұжырымдамасы және Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра екендігі жайлы баяндалып, әр кітапхана ұлы даланың жеті қырына жіті тоқталып, оқырмандар назарына қазақ даласының тарихы, тағылымды өмір сүрген тарихи тұлғалар туралы кітап қорындағы тақырыпқа арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарын ұсынды. Нәтижесінде 46 қаралым, 8 лүпіл, 24 пікір қалдырылды.