• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
 1-7 шілде аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаев домбыраның мәртебесін асқақтатып, әр жылдың шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп ресми түрде бекіткен еді. Бұл мереке «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында аталды. Бұл ұлтымыз үшін үлкен мереке. «Ұлттық домбыра» күнін күймен шектемей, жалғасын тауып, ұлтымыз ұлық¬тауы тиіс. Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында жазылғандай, ұлттық жаңғыру - бұл ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. "Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,   әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қплуға тиіс",-делінген мақалада.

Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған. Осыған орай, жүйе бойынша бірқатар онлайн шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Аудандық кітапхана, Аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Бұлдырты, Шағырлыой, Өлеңті ауылдық модельді кітапханалары, Аяқкөл, Жамбыл,  Тамды ауылдық кітапаналары «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында онлайн кітап көрмесі, аудандық балалар кітапханасы «Дәстүрлі өнер - ұлт байлығы» ақпараттық сағатын ұйымдастырып, кітапханашы шолу жасады. Шара барысында қазақтың ұлттық мерекесін бүкіл халық болып ұлықтап, Домбыра тек тарихтың ғана куәгері емес, тәрбиенің құралы, қазақ руханиятының мәйегі екені, сондықтан біз оны қазақтың бойтұмары дейтін болсақ, демек, әр қазақтың төрінде домбыра тұруы тиіс екендігі жайында ақпарат берілді.Нәтижесінде 79 қаралым қаралып, 5 оқырман репост жасап, өз парақшаларына жариялады.