• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Тәуелсіздік дәуірі - еліміздің тарихи шежіресі»

онлайн конференция

 2020 жылдың 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында ұлы тұлғалардың есімі берілген облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар ZOOM платформасында «Тәуелсіздік дәуірі-еліміздің тарихи шежіресі» тақырыбында онлайн конференция өтті. Платформада  жазушы Х.Есенжановтың есімі берілген  ОБЖК кітапханасы,   жерлес жазушы М.Есламғалиұлы есімі берілген Сырым аудандық ОКЖ, ақын Ж.Молдағалиевтің есімі берілген облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы т.б.кітапханалар байланысқа шықты. Конференция барысында кітапханаға есімі берілген тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, ұйымдастырылған маңызды шаралар жайында айтылып, баяндамалар  оқылды. Слайд, видеороликтер көрсетілді. М.Есламғалиұлы есімі берілген ОКЖ сөз алып; Сырым елінің Жосалы топырағынан түлеп ұшқан,туған өлкенің парасатты перзенті, қарымды қаламгері, ұлт мақтанышына айналған Мұқадес Есламғалиұлының өмірі мен шығармашылығы туралы «Жылдар жылжып өтсе де ел есінде» тақырыбында 7 минуттық баяндама оқып, сонымен қатар қаламгерге арналған «Өтелген парыз» бейнефильмін ұсынды. Бейнефильмде жазушының туған жері, оқыған мектебі, шығармалары, ол туралы естеліктер кеңінен тарқатылып айтылды. Жүйе бойынша жыл сайын жазушыға арналған туыстарының қатысуымен кітап көрмелер, еске алу кештері, аудандық байқаулар, онлайн конференциялар, театрландырылған көріністер ұйымдастырылатыны туралы айтылды. Аталмыш шараға жазушының жиені Хамза Рахымжан Отарбайұлы онлайн қатысты. Жазушының туысы Р.Хамза артында өлмес әдеби мұрасы барда, іздер ұрпағы барда, жоқтаушы халқы барда жазушының ғұмыры мәңгілік болмақ-деп өз сөзінде айтып өтті. Нәтижесінде онлайн конференцияға  облыстық, аудандық, қалалық 12 кітапханалардан  52 кітапханашы қатынасты.