• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың!»

декада

2020 жылы Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «І дәрежелі Достық»  және  «Парасат» орденінің иегері, тәуелсіз «Тарлан» және халықаралық «АВЬЯС» сыйлықтарының лауреаты, абыз ақын, туған өлкеміздің асыл перзенті Қадыр  Мырза Әлидің 85 жылдығына орай ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында 5-10 қаңтар аралығында ұйымдастырылған онкүндік декада да Аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Бұлан, Бұлдырты, Қазақстан, Қособа, Қосарал, Құспанкөл, Шағырлыой, Өлеңті ауылдық кітапханаларында «Қадырдан бір өлең» айдарымен әдеби марафонның ашылуы, «Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың!» тақырыбында поэзия сағаты, «Елі қадірлеген Қадыр ақын» атты тақырыптық кеш, «Қазақ жырының Қадыры» атты әдеби-танымдық кеш, «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты әдеби алъянс ұйымдастырылды. Шара барысында көптеген жыр жинақтарының авторы, классик ақынның өмірі мен шығармашылық қызметі туралы бейнекөрсетілім оқырмандар назарына ұсынылып, сан ұрпақтың жан серігіне айналған, ғасырдан-ғасырға жалғасып келген қазыналы жырлары оқылды.  Ақынның шығармашылығына насихаттау барысында ұйымдастырлған іс шараларға белсене қатынасқан оқырмандар мен ОКЖ ұжымы 2020 жылы Қазақстандық кітапханалық Одақ төрайымы Б.Оспанованның Алғыс хатымен марапатталды.