• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Бүгін аудандық кітапханада   «Өлкетану - кітапхана қызметіндегі әдеби кеңістігінің басты бағыты» тақырыбында кітапханашылардың кезекті зерделі кеңесі өтті. Зерделі кеңес мекеме басшысы А.Уалиахметованың  «Кітапханаларды дамыту стратегиясы» тақырыбындағы, әдістемелік- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Л.Бергалиеваның «Ауыл кітапханасы ауылдық округ тұрғындары үшін ағартушылық және әлеуметтік – мәдени орталық» тақырыбындағы баяндамамен басталды. Екінші бөлімінде кітапханашылармен «Кітапхана кеңістігін түрлендіру: Қазіргі тәсілдер және талаптар» библиобарабан ойыны ойнатылса, Қызылағаш, Жырақұдық, Көздіғара ауылдық кітапханашылары «Жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарының көрмесіне шолу» жұмысымен таныстырып өтті. Аудандық балалар кітапханасы,  Бұлдырты, Жосалы ауылдық кітапханаларының кітапханашылары «Өлкетану жұмысы: ізденіс, инновациялар» тақырыбы бойынша әдістемелік құрал шығарып таныстырса, аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Тасболат «Инклюзивті білім, инклюзивті өңір» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануға арналған шеберлік сағатын өткізді. Зерделі кеңес соныңда әдіскер Р.Муханбеткалиева кітапханашыларға  «Ескі кітапқа жаңа өмір сыйла» шығармашылық шеберханасын ұйымдастырды.