• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы, биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болып саналады. Қазіргі кезде адамзаттың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше. Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени – ағарту қызметінің негізі десек келешекте кітапханалар жүйесі ең озық алдыңғы қатардағы қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол.


Кітапханалардың басты міндеттері елімізде болып жатқан басты, елеулі оқиғалармен, еліміздің даму бағытын басшылыққа ала отырып, халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде кітапхана қызметін сапалы ұйымдастыру, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, оқырман топтарына сапалы қызмет көрсету, көпшілік шаралардың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану. Қазақ ақын – жазушыларының мерейтойларына орай шығармаларын насихаттауда жұмыс жүргізу.