• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасына 55 жыл толуына орай Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК жариялаған «Жұбан жыры жадымызда» фестиваль-марафонын қолдау мақсатында 

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Ұлы даланың дәстүрі" республикалық қайырымдылық керуені акциясы аясында "сарқыт" дәстүрін дәріптеуге негізделген «Салт-дәстүр – ұлттық құндылығымыз» атты тақырыптық кеш өтті. Рухани жаңғыру жолы - жарқын болашақтың бастауы. Оған жастардың қосар үлесі зор. Осы ұранды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордада бастау алған Ұлы даланың дәстүріне негізделген қайырымдылық керуені акциясы аудандық кітапханада жалғасын табуда. Бұл акция қазақтың ұлттық құндылықтарымен тікелей байланысты. Яғни 12 ай бойы өтетін шаралардың әрқайсысы ұлттық салт-дәстүрлермен байланыстырылады. Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптары тұғырының негізі болады.

2019 жылдың 21 қаңтар күні аудандық кітапхананың ұйымдастырумен Тоғанас ауылындағы жалпы білім беретін В.Шубин атындағы орта мектепте есімі елге танымал, ауданымыздың егін шарушылығын дамытуда үлкен еңбек сіңірген Социалистік Еңбек Ері, 4 мәрте «Ленин» орденінің иегері, Сырым ауданының «Құрметті азаматы» Виктор Игнатьевич Шубиннің туғанына 100 жыл толуына орай өнегелі өмірі мен елеулі еңбегін насихаттау мақсатында «Ерлікпен өрілген өмір» тақырыбымен еске алу кеші оздырылды. Шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Әжмұханбетұлы Ахметов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Жолайұлы Нурпейсов, Жымпиты ауылының ардақты азаматы, ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Қайыржан Нұрмұханұлы, зейнеткер, Қазақстанға еңбегі сіңген Құрметті байланысшы Сыдық Қалиахметұлы Тажмұханов, Еркін Шуренов және Тоғанас ауылының тұрғындары қатысты. Сол жылдары еңбек етіп, ел қадіріне ие болған аға буын өкілдері В.Шубин туралы естеліктермен бөлісті. В.Шубиннің өмірі мен қызметі туралы баяндалған «Өнегелі өмірдің иесі» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Шара барысында қатысушылар мектеп мұражайындағы В.Шубинға арналған бұрышпен және өмірі мен еңбек жолынан сыр шертер «Өмірі өрнекті, еңбегі көрнекті» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.

2019 жылдың 5 - 15 қаңтар аралығында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ кітапханаларында көрнекті ақын, 

Батыс Қазақстан облысы Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен 2017 жылдан бастап жүзеге асырылған кітап мерекесі, яғни «Ауыл кітапханалары фестивалі» облыстық жобасы өз мәресіне жетіп, үстіміздегі жылдың 28 қараша күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында қорытынды шарасы оздырылды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған елді, туған жерді, сол елден шыққан ел мақтанышы - танымал тұлғаларды кеңінен насихаттау мақсатында әдебиет әлемінде есімі ерекше аталатын қазақтың белгілі жазушысы, артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлес жазушы Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында  Теректі ауданы   «Жаралған жан Ақ Жайықтың төсінен» атты облыстық байқау ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқаудың «Ақ Жайықтың Хамзасы» І-бағамы бойынша арнау өлең жазудан Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының оқырманы  Қуаныш Қапанов ІІ-орын, Аудандық кітапхананың жас оқырманы Ширмедден Ақбота ІІІ-орынды иеленді. «Қайсар талант иесі» атты ІІ-бағыты бойынша аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы және Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасы Хамза Есенжановтың шығармашылығына арналған мәдени-көпшілік шаралар өткізіп, электронды нұсқасын (дыбыстандырылған бейнефильм, слайд-презентация) дайындау шарттарын толығымен орындап, нәтижесінде Сырым аудандық кітапханасы үздік деп танылып, жүлделі І-орынға ие болды.