• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың 20 маусым күні Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жасөспірімдер мен жастар арасында ақын, Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары» аудандық байқауы өтті.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін «Кітап – достық көпірі» тақырыбындағы эссе байқауы оқырмандар арасында еліміздегі халықтардың әдебиеттерін насихаттап, оқытуға және ұлттар арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасын оқытуға арналған  «Жұбан жыры жадымызда» әдеби марафоны оздырылды.

Қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген, ең алдымен ақындығымен, азаматтығымен, қайсарлығымен талайды тәнті еткен, қазақ ұлтының әнұранына пара-пар «Мен - қазақпын» атты поэма жазған, көзінің тірісінде–ақ «қазақ елінің жыр дариясы» атанған ақиық ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұбан Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасына биыл 55 жыл толып отыр.

Ауыл тұрғындарының әдеби талғамы мен мәдени танымын қалыптастыру, бос уақытын тиімді өткізу, кітап оқуды насихаттау бағытында 4-сәуір күні «Библио-кеш – 2019» кітапханалық мәдени шарасы оздырылды.

Үстіміздегі жылдың 30 наурыз - 4 сәуір  аралығында  2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ-нің  Көздіғара ауылдық кітапханасында 4-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Оқырман-кітаппен дос болайық», Бұлан ауылдық кітапханасында 1-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Мені қызықтырған әлем», 

Кітапхана - кез келген елдің рухани ордасы, ал кітап – адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, дүниедегі ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Ауыл тұрғындарының әдеби талғамы мен мәдени танымын қалыптастыру, бос уақытын тиімді өткізу, кітап оқуды насихаттау бағытында 2