• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

     Үстіміздегі жылдың  7 қазан күні Орал қаласында  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасы өтті. 

    Биыл айтулы даталардың бірі-қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуна орай облыс көлемінде 12 қаңтар күні сағ:11.00-де бір мезетте барлық кітапханада «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбында  кітап көрмесінің ашылуы өтті. Кітап көрмесінің ашылу салтанаты ең алдымен онлайн конференция жұмысынан басталды. Сырым аудандық әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған конференция 4 алаңды біріктірді.

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық кітапханаларда «Мен Абайды оқимын!» ағартушылық-поэзиялық акциясы аясында Сырым жастары, Жастар ресурсы жастарының қатысуымен көпшілік шарлар оздырылды.

Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы, биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болып саналады. Қазіргі кезде адамзаттың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше. Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени – ағарту қызметінің негізі десек келешекте кітапханалар жүйесі ең озық алдыңғы қатардағы қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол.