• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

Сырым аудандық мәдениет үйінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен  Жайықтың жазушы қызы атанған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты

«Тіл – Мәңгілік Елдің алтын арқауы» аудандық тілдер фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын биіктету, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында 4 қыркүйек күні аудандық кітапханада "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбымен дөңгелек үстел оздырылды.

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына алғаш рет үш бірдей автордың, атап айтсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітаптары ел болып оқуға ұсынылды.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай отбасы беделін көтеру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасымен кітап оқу мәдениетін жетілдіру мақсатында Х.Есенжанов атындағы ОБЖК ұйымдастырған «Отбасы оқуы – ұрпақтар сабақтастығы» облыстық оқырман отбасылардың шеруіне мекемеден Жосалы ауылдық кітапханасының Қылышбаевтар отбасы қатынасып, жүлделі 2-орынды иеленді.

ҚР елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-ның «Жайық елінің балауса жырлары» атты облыстық балалар поэзиясы байқауына Қызылағаш ауылдық кітапханасынан А.Бақтыгереева мен М.Жасеннің шығармашылық жұмыстары ұйымдастырушы кітапханаға жолданып, нәтижесінде Қызылағаш а/к оқырманы Жасен Мәкка «Жас қаламгер» номинациясына ие болды.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы жыл сайын бір ұлттың мәдениетін танып-білуге бағытталған «Кітап – достық көпірі» атты байқау жариялап тұрады. «Кітап – достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті байқауы әр ұлт өкілдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға балалар мен жасөспірімдер арасында өзге ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттерін насихаттап, танытуға бағытталған. Биылғы эссе конкурс байқауы  кәріс халқының әдебиетіне арналды.