• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

Қаңтар айының 5 күні Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің туған күніне орай шығармашылығын насихаттау, өршіл жырларын оқыту мақсатында аудандық кітапханада «Сөз сарайынан маржан терген ақын» атты әдеби кеш, аудандық балалар кітапханасында «Зерделі жырдың зергері» атты поэзия сағаты, Алғабас, Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасында «Өлең-сөздің зергері - Қадыр ақын» тақырыбымен ән-жыр кеші өткізілді.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 27-29 қараша күндері Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық кітапханада «Еңбегі ерен Елбасы» тақырыбымен библио-сағат өткізілді. Шара барысындаоқырмандарға еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы деректер беріліп, еңбектері таныстырылды. Тақырыпқа орай жасақталған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Кітапхана оқырмандары ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің рухын биік, мерейін асқақтататын Т.Қадамбаевтың «Ел бастаған Елбасы», Қ.Жұмағалиевтің «Астанасы Алаштың», С.Сматаевтың «Жақтаймыз ерге қонған ел ұланын», Т.Абылаевтың «Менің Астанам» атты жырларын жатқа оқыды. «Елбасына тілек» бөлімінде оқырмандар жүрекжарды тілектерін білдірді.

Қазақ әдебиеті тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаның бірі, Ақжайық өңірінің аяулы перзенті, ақын Сағынғали Сейтовтің туғанына 100 жыл толуына орай Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Шағырлыой, Бұлдырты ауылдық модельді кітапханалары және Қазақстан, Бұлан ауылдық кітапханалары ақын шығармашылығына арналған «Сұлу сөздің сардары» тақырыбымен әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана оқырмандары автордың өмірі мен шығармашылығымен танысып қана қоймай, өршіл рух пен ұлтжандылыққа, отансүйгіштік қасиеттерге үндейтін жырларын көркемдеп оқыды, «Өлең боп ақын өрілсе» бөлімінде ақынға арналған туындыларын жатқа оқыды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 26.10.2017 ж. №569 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін таныстыру, жаңа әліпбиді талқылау, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында үстіміздегі жылдың 2 қараша күні жүйеге қарасты барлық кітапханада көпшілік оқырман тобының қатысуымен дөңгелек үстел оздырылды. Атап айтсақ, аудандық кітапханада 2 қараша күні «Латын әліпбиіне көшу - болашақтың бағдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сырым аудандық ОКЖ-ге қарасты барлық кітапханаларында орыстың көрнекті балалар жазушысы Самуил Маршактың өмірі мен шығармашылық қызметін насихаттау, балаларға арналған шығармаларымен таныстыру, оқырман балалардың поэзия жанрына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «С.Маршак поэзиясы күні» V-халықаралық акциясы оздырылды.

Ауыл кітапханаларында жаңа креативті жобаларды жүзеге асыру, кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін анықтау, іс-тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы технологияларды, инновацияларды батыл игеру мақсатында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Ауыл кітапханаларының фестивалі» жобасын қолға алып, жүзеге асыруда. Қаратөбе ауданынан бастау алған бұл жоба Зелёнов, Шыңғырлау аудандарында оздырылса, 12 қазан күні Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жалғасын тапты. Шараға  Сырым аудандық мәслихатының хатшысы, қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Шынар Сайлауқызы Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мұратұлы Даргужиев, «Сырым елі» газетінің тілшісі, жас ақын Бауыржан Шермидден, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы директорының орынбасары  Сара  Көшәліқызы Кенжебаева, кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскері Г.Тоқтарова, Бөкейорда, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау ОКЖ директорлары мен қызметкерлері, кітапханашылар мен кітапхана ардагерлері қатысты.

Алаш музейінде тарихтың беттерінде қатталып, елдің жүрегінде сақталған, бүгінде арыстары ақталған Алаш қозғалысының 100 жылдығына, ұлт және мемлекет қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың 1300 жылдығына арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесінің ашылуы рәсімі өтті.