• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Шаяхмет А. Сөз: Өлеңдер, / Ақылбек Шаяхмет.- Алматы: «Қаратау ҚБ» ЖШС: Дәстүр, 2016.-384 б.

Белгілі ақын Ақылбек Шаяхметтің  «Сөз» деп аталатын жаңа өлеңдер жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан.  Автор тәуелсіздік  жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі келеңсіз көріністерді тілге тиек етіп, имандылыққа үндейді.  Адамдар арасындағы адамгершілік пен арсыздық, парасаттылық  пен надандық, жақсылық пен жамандық, достық пен қаскөйлік, кішіпейілділік пен өркөкіректік, еңбекқорлық пен жалқаулық, мәрттік пен нәмарттық және басқа жақсы –жаман адами қасиеттер мен қасіреттер жайлы дарынды ақын тебірене қалам тербеп, оқырмандарын жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады.

 

 

 

 

Игіман Ж. Ұлы дала сарыны: Өлеңдер, балладалар, толғаулар /  Жомарт Игіман .- Алматы: «Массагет21», 2016.- 192 бет.

Адамзатты кісілік пен кішілікке үндейтін жырларымен елге танымал ақын  Жомарт Игіманның бұл кітабына көңіл тебіреністерін. Өмір өзгерістерін арқау еткен өлең-толғаулары топтасқан.Өмір –өзен өлең тілімен өрнектеліп, оқырманын ой орманына, арман көгіне жетелейді. Кітаптың бүгін мен ертеңгі күнге берер мағұлматы мол.

 

 

 

 

 

Бәдіғұл Н. Сағым бейне: Өлеңдер, поэмалар/ Бәдііғұл Нүкеш-Алматы: «Балалар үйі» АҚ.- 2015.- 384 б.

Қазақ поэзиясында өзіндік үні, өрнекті қолтаңбасы бар белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, марқұм Нүркеш Бәдіғұлдың артында  қалған мол мұраның  өзегі – Отан сүйгіштік, ел тарихы мен адамгершілік тақырыбы.

Қаламгердің оқырман назарына әр жылдары жазылған таңдаулы лирикалары мен поэмалары енді. Жинақ қалың оқырманнан лайықты бағасын алады деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 Ібітан Еркін.Шығармалары. 2-том. Өлеңдер, поэмалар, толғаулар, естеліктер/ Еркін Ібітан.-Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2016.-332 б.

Белгілі ақын Еркін Ібітанның  бұл жинағына қазақтың қара өлеңінің хас шебері, жыр дүлділі Мұқағали Мақатаевқа арнаған естеліктері мен өлеңдері және ақынның өзі туралы қалам тербеген бүгінгі замандастарының ой-пікірлері еніп отыр. Кітапқа енген туындылардың тілі көркем, талғампаз оқырманның ғибрат алатын тұстары мол.

 

 

 

 

 

 Құлмұхаммед Қ. Олжа. Өлеңдер жинағы/Қайрат Құлмұхаммед.-Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.- 192 бет.

Бозбала кезінен айтыс сахнасына шығып, Қытай қазақтарының бас айтыс ақыны атағын иемденген Қайрат Құлмұхамедтің «Олжа» атты жыр жинағындағы өлең-жырлар жазба ақындық пен жыраулық дәстүрдің тамаша үйлесімінен туғандай көрінеді. Жинақтың тағы бір ерекшелігі, жат жерде дүние есігін ашып, сонда өскен,  есейген, кейінгі саналы ғұмырын өз тарихи Отанымен байланыстыруды көздеген автордың шығармашылық биігін таныта түсетіндігі деуге болады. Қайталанбас ерекшеліктерге ие жинақтың шетелдегі және атажұрттағы қазақ оқырмандары жүрегіне жол табарына  сенім мол.

 

 

 

 

 Жақыпбек Есенқұл. Өмір өтті... Таңдамалы.- Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2017.- 288 б.

 Бұл жинаққа Жетісудан шыққан айтулы айтыс ақыны, жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізбасары, қазақ өнерінің көгінде   аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең –жырлары еніп отыр.