• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген, ең алдымен ақындығымен, азаматтығымен, қайсарлығымен талайды тәнті еткен, қазақ ұлтының әнұранына пара-пар «Мен - қазақпын» атты поэма жазған, көзінің тірісінде–ақ «Қазақ халқының жыр дариясы» атанған ақиық ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл. 8 қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен   «Жыры маржан, рухы асқақ - Жұбан ақын» тақырыбында онлайн кеш оздырылды. Шараға Аудандық кітапхана, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қатынасты.Шара айбынды ақын Ж.Молдағалиевтің «Өлең қалсын ұрпаққа,өнер қалсын,ата  мирас мәңгілік дүние боп» сөзімен бастау алып,ақынның жырларын жүрегіне дарытып,сөзінің құдіретін ұғынған оқырмандарымыз ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.Ақынның есімі берілген облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мерейтой қарсаңында ашылған «Жұбан бөлмесімен» таныстырды.Бөлмеде ақынның жеке жәдігерлері, шежірелі суреттері, жазу үстелі,пайдаланған заттары жинақталған. Ақжайық ОКЖ-нен ауданның құрметті азаматы Сағынтай Бисенғалиев Жұбан ауылында жаңадан ашылған «Жұбан орталығы» жайында сөз алып,виртуалды саяхат жасады. Жас ақын Ж.Мейірман ақынға арнауын оқыды.Нәтижесінде 42 оқырман тамашалап,12 пікір,7 лүпіл білдірді.