• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жамбыл ауылы 1955 жылы құрылған. Жамбыл ауылдық кітапханасы 1955 жылы ашылды. Клуб пен кітапхана жұмысын соғыс ардагері әрі ауылдық тілші Ербасов Ташай атқарған. 1975-1976 жылдары кітапханада Рысқалиева Бақу; 1977 жылдары Сисенова Ұмсындық; 1987 жылдан бастап Хасанова Алтын; 2000-2014 жылдары Хайруллина Арайлым; 2014 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Садыков Медет Санақұлы қызмет атқаруда. 

 

2018 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері:

Оқырман саны: 223

Кітап қоры: 5779

Кітап берілімі: 4456