• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

 

Кітапхана 1969 жылы 3000 дана кітап қорымен ашылды. 1969-1974 жылдары кітапхана меңгерушісі болып Иманғалиева Камила Иманғалиқызы;
1975-1977 жылдары Сапиева Мадина;1978-1985 жылдары Мухамбетжанова Алтын атқарды.
1989 жылдан бастап бүгінгі күні кітапхана меңгерушісі болып Аманбаева Асия Сағатқызы атқарып келеді.

 

2018 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері:

Оқырман саны: 417

Кітап қоры: 12774

Кітап берілімі: 8843

Байланыс телефоны:  8(711) 34-22-0-84

 

Бұлан ауылдық кітапханасының

2019 жылғы негізгі сандық көрсеткіштері

 

Оқырман саны - 415

Кітап қоры - 12731

Кітап берілімі - 8165

Қатынас саны - 2679

 

2020 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері

 

Оқырман саны - 283

Кітап қоры - 12670

Кітап берілімі - 6618

Оқырмандардың қатынасы - 2099

 

 «Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат» поэтикалық кеш

 

2020 жылдың 14 ақпан күні М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Бұлан ауылдық кітапханасында қазақтың дана кемеңгері, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен бастау алған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» тақырыбындағы  бір күндік оқу марафон аясында «Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат» поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Шараға балабақша бүлдіршіндері, орта топ оқырмандары, мекеме қызметкерлері, ұстаздар, зейнеткерлер, ауыл тұрғындары қатысты. Шара мақсаты: ұлы ақынның шығармаларын, рухани асыл мұраларын насихаттау, қазақтың ұлы ақынының өмірін, шығармаларын ынтамен оқып, құрметтеуге, өмір сүру дағдысында тек қана жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелеу, Жас ұрпақты білімді, зейінді, иманды болуға баулу. Поэтикалық кеш «Адамзат тудырған алып тұлға-Абай» тақырыбында бейнекөрсетіліммен басталды. Кітапханашы ақынның терең ойға толы орасан зор еңбектерінен сыр шертер «Әлем мойындаған дана ұстаз, адамзаттың данышпаны-Абай» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Балабақша бүлдіршіндерінен бастап зейнеткер оқырмандар ақынның «Өлең сөздің патшасы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай  мақтанба», «Қыс», «Күз», «Мен боламын демеңдер», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Айттым сәлем Қаламқас» өлеңдерін оқыды. Кітапхананың «Кітапқұмарлар» клубының мүшелері Абайдың 17-ші қарасөзінен көрініс сахналады. Ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихы жайында тарих пәнінің мұғалімі С.Зиятов әңгімелеп, поэманы жатқа оқыды. Мекеме қызметкерлері ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.  Ақын, дара да, дана тұлға Абай даналығының сан қырлы, көп мағыналы ойлары насихатталған шара өз мәресіне жетті.