• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Қауіпсіз Интернет» апталығы шеңберінде қаңтар айының 22-26 күндері Сырым аудандық ОКЖ кітапханаларында «Компьютер және ғаламтор: пайдасы мен зияны» тақырыбымен әңгіме сағаттары, пікірталастар, оқырмандар конфернциялары оздырылып, өз мәресіне жетті.

 

Шараның мақсаты: Оқырмандардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, Интернеттің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны туралы түсініктерін қалыптастыру, балаларға арналған танымдық сайттарды таныстыру, келеңсіз, жат сайттардан сақтандыру.

 

Шара барысында оқырмандардың «Адам өмірінде Интернеттің алатын орны бөлек деген тұжырымға келісесіз бе?», «Ғаламторды қаншалықты жиі пайдаланасың?», «Сабақ процесіне қажет мәліметтерді қандай деректерден аласың?», «Кітапты оқыған тиімді ме, алде Интернетті пайдаланған тиімді ме?» - деген сауалдар бойынша пікірлері тыңдалды. «Балалар, компьютер, ғаламтор» атты кітап көрмеге қойылған мерзімді басылымдардан алынған ғаламтор туралы мақалаларға шолу жасалынды. Бейне-баян көрсете отырып интернеттің жақсы тұстарымен бірге келеңсіз жақтары да бар екені айтылып, қашан да әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жирену, пайдасын біліп, ал зиянынан сақтану керектігі ескертілді.