• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақтың белгілі жазушысы, кезінде ұлы жазушы М.Әуезов: «Европа үлгісімен жазылған бірінші роман» деп жоғары бағалаған «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Хамза Есенжановтың туғанына 110 жылдығына арналған «Жайықтың ақиығы» облыстық балалар акциясын қолдау, шығармаларын оқырмандар арсында кеңінен насихаттау мақсатында «Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Қосарал, Қызылағаш, Қазақстан, Жамбыл, Бұлан, Тамды, Жосалы, Аудандық балалар және Алғабас, Бұлдырты, Аралтөбе, Шағырлыой ауылдық модельді кітапханаларында 2018 жылдың 14 ақпан күні бір мезетте «Талантты тұлға, дарынды қаламгер» атты әдеби кеш оздырылды.Шара барысында оқырмандар әдебиет саласына өзіндік үлес қосқан, сталиндік зобалаңды бастан өткерген жазушының өмір жолымен, шығармашылық қызметімен, жазушының архивінен алынған отбасы туралы фотосуреттермен танысып қана қоймай, жазушы туралы жарық көрген Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының тарих пәнінің оқытушылары С.Сүлейменов пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Сүлейменованың «Ақжайығын аңсаған азамат», С.Сүлейменовтің «Аққу махаббат» атты естелік кітаптарымен танысты. Кітапхана оқырмандары Мәриям Хакімжанованың «Біздің Хамза», Сағат Абдуғалиевтің «Хамза Есенжанов», Ақұштап Бақтыгерееваның «Хамза Есенжановқа», Ғайсағали Сейтақтың «Қайсар талант алдында» арнауларын оқыды. Т.Айбергеновтің сөзіне жазылған  Ш.Қалдаяқовтың «Ақ ерке - Ақ жайық» әні орындалды.