• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында дарынды  жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Сырым елінің төл перзенті Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тарихпен тамырласып, халықпен үндескен жазушы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

 

Кеш  барысында оқырмандарға қаламгердің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы мағлұмат берілді. «Дүбірлі дала» әңгімелер мен повестер кітабы бойынша әдеби талқы ұйымдастырылып, оқырмандар шығармалардың мазмұнын баяндап, негізгі идеясы жайлы өзіндік пікірлерін білдірді, «Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы» атты кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында «Қазақстан - Орал» телеарнасы түсірген Гүлжан Абайқызының «Өтелген парыз» деректі фильмін тамашалады.