• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық кітапханада дарынды жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының туған күніне орайластырылып 19 ақпан күні «Жылдар жылжып өтсе де ел есінде» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.

 

Шара барысында оқырмандар қаламгердің ұрпақ үшін қалдырған мол туындыларымен,  әдеби-көркем шығармаларымен танысты. «Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.