• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай еліміздегі әртүрлі этностардың пайда болу тарихын түсіндіру, көп этносты Қазақстан қоғамын қалыптастыру процесінде қазақтардың қатысуын көрсету, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылған түрлі этностардың өкілдеріне қайырымдылық көрсетіп, бауырына басқан қазақ халқының дархандығын, кеңпейілдігін есте сақтау, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, мерекенің идеялық мазмұны мен мәнін насихаттау мақсатында 27 ақпан – 1 наурыз күндері аралығында жүйедегі барлық кітапханада «Алғысым саған, туған ел!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырманның қатысуымен «Алғыс – сөздің асылы», «Барша жұрт риза саған, Қазақ елі», «Алғыс айту – парызым» «Ата-анам - алтын тұғырым» тақырыптарымен кітапханалық шаралар оздырылды. Жастарға берер тағылымы мол шарада Алғыс айту күні – татулық пен бірліктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың жарқын мерекесі екендігі айтылып, бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына, достығы мен сыйластығының артуына негіз болатыны баяндалды.