• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын түсіндіру мақсатында «М.Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі бойынша шаралар оздырылды.

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған негізгі жобалардың бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары. Осы орайда  латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін таныстыру, жаңа әліпбиді талқылау, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында 2017 жылдың 2 қараша күні жүйеге қарасты барлық кітапханада көпшілік оқырман тобының қатысуымен дөңгелек үстелдер оздырылды.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шараға қатысушы оқырмандар: «Латын әліпбиіне көшу – біздің және келер ұрпақтың әлемдік ақпаратқа қолжетімділігін арттырады, себебі латын әліпбиі әлемде кең қолданылады. Әлем елдерінің 70 пайызы латын әліпбиін қолданып, жетістікке жетіп жатыр. Тәуелсіз еліміздің болашағын, өсіп-өркендеуін, қазақ тілінің тазалығын сақтауды, дамуын ойлайтын әрбір азамат латын әліпбиіне көшуді қолдап, осы бағытта жұмыстанады» - деген ой-пікірлерін айтты.