• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған елді, туған жерді, сол елден шыққан ел мақтанышы - танымал тұлғаларды кеңінен насихаттау мақсатында әдебиет әлемінде есімі ерекше аталатын қазақтың белгілі жазушысы, артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлес жазушы Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында  Теректі ауданы   «Жаралған жан Ақ Жайықтың төсінен» атты облыстық байқау ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқаудың «Ақ Жайықтың Хамзасы» І-бағамы бойынша арнау өлең жазудан Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының оқырманы  Қуаныш Қапанов ІІ-орын, Аудандық кітапхананың жас оқырманы Ширмедден Ақбота ІІІ-орынды иеленді. «Қайсар талант иесі» атты ІІ-бағыты бойынша аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы және Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасы Хамза Есенжановтың шығармашылығына арналған мәдени-көпшілік шаралар өткізіп, электронды нұсқасын (дыбыстандырылған бейнефильм, слайд-презентация) дайындау шарттарын толығымен орындап, нәтижесінде Сырым аудандық кітапханасы үздік деп танылып, жүлделі І-орынға ие болды.