• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Батыс Қазақстан облысы Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен 2017 жылдан бастап жүзеге асырылған кітап мерекесі, яғни «Ауыл кітапханалары фестивалі» облыстық жобасы өз мәресіне жетіп, үстіміздегі жылдың 28 қараша күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында қорытынды шарасы оздырылды.

 

Жобаның мақсаты ауылдық кітапханада жүзеге асырылатын кітапханалық жобаларды анықтау, ауыл кітапханашыларының шығармашылық жетістіктерін насихаттау, іс-тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы технологияларды, инновацияны батыл игеру, кәсіби қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту болып табылады. Фестивальдің қорытындысы бойынша Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  «Үздік көрме» номинациясымен  марапатталды. Осы жоба аясында кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда  кәсіби шеберлік пен шығармашылық шыңынан көрінген Бұлдырты, Аралтөбе ауылдық модельді кітапханалары алғыс хатпен марапатталды.

 

.