• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2019 жылдың 21 қаңтар күні аудандық кітапхананың ұйымдастырумен Тоғанас ауылындағы жалпы білім беретін В.Шубин атындағы орта мектепте есімі елге танымал, ауданымыздың егін шарушылығын дамытуда үлкен еңбек сіңірген Социалистік Еңбек Ері, 4 мәрте «Ленин» орденінің иегері, Сырым ауданының «Құрметті азаматы» Виктор Игнатьевич Шубиннің туғанына 100 жыл толуына орай өнегелі өмірі мен елеулі еңбегін насихаттау мақсатында «Ерлікпен өрілген өмір» тақырыбымен еске алу кеші оздырылды. Шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Әжмұханбетұлы Ахметов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Жолайұлы Нурпейсов, Жымпиты ауылының ардақты азаматы, ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Қайыржан Нұрмұханұлы, зейнеткер, Қазақстанға еңбегі сіңген Құрметті байланысшы Сыдық Қалиахметұлы Тажмұханов, Еркін Шуренов және Тоғанас ауылының тұрғындары қатысты. Сол жылдары еңбек етіп, ел қадіріне ие болған аға буын өкілдері В.Шубин туралы естеліктермен бөлісті. В.Шубиннің өмірі мен қызметі туралы баяндалған «Өнегелі өмірдің иесі» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Шара барысында қатысушылар мектеп мұражайындағы В.Шубинға арналған бұрышпен және өмірі мен еңбек жолынан сыр шертер «Өмірі өрнекті, еңбегі көрнекті» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.



22.01.2019 ж.