• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Ұлы даланың дәстүрі" республикалық қайырымдылық керуені акциясы аясында "сарқыт" дәстүрін дәріптеуге негізделген «Салт-дәстүр – ұлттық құндылығымыз» атты тақырыптық кеш өтті. Рухани жаңғыру жолы - жарқын болашақтың бастауы. Оған жастардың қосар үлесі зор. Осы ұранды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордада бастау алған Ұлы даланың дәстүріне негізделген қайырымдылық керуені акциясы аудандық кітапханада жалғасын табуда. Бұл акция қазақтың ұлттық құндылықтарымен тікелей байланысты. Яғни 12 ай бойы өтетін шаралардың әрқайсысы ұлттық салт-дәстүрлермен байланыстырылады. Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптары тұғырының негізі болады.


Шараға қатысушы қадірлі қонақтар мен үздік оқырмандар "сарқыт" дәстүрінің тағылымдық маңызы жайында айтып, мағынасын ашу мақсатында өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Кеш барысында мәдени демалыс орталығының қызметкерлері, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің оқушысы Ш.Төреғалиев ән шашуын жолдады. Аудандық демалыс орталығы мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен қазақ халқының "сарқыт" дәстүрінің тәрбиелік маңызын ашатын театрландырылған көрініс қойылды. Кеш соңында кітапхана директоры А.Жасұланқызы сөз алып, қайырымдылық керуені акциясының бастау алуына орай Сырым ауданының педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілеріне кітапхана атынан сыйлық табыстады, сонымен бірге шараға қатысушы оқырмандарымызға да кітапханалық кешіміздің сарқыты үлестірілді.

 

30.01.2019 жыл