• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Ауыл тұрғындарының әдеби талғамы мен мәдени танымын қалыптастыру, бос уақытын тиімді өткізу, кітап оқуды насихаттау бағытында 4-сәуір күні «Библио-кеш – 2019» кітапханалық мәдени шарасы оздырылды.


Шараға ауыл әкімі, Абай орта мектеп-балабақша кешенінің ұжымы мен мектеп оқушылары, ауылдық клуб қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен ата-аналар, барша оқырмандар белсене қатысты. Кітапханалық мәдени шарасының ашылуы Сарыой ауылдық округінің әкімі А.Жакиевтің  құттықтау сөзімен басталып, жастарды кітапханаға тартудың, оларды кітапқа қызықтырудың тиімді жолдарын би арқылы Book – art: - қуанышты кітапханалық кеңістік алаңында көрсетті.«Алтын киіз үй»:Библио дастархан алаңында оқырмандар қазақ халқының  бауырсақ, қымыз, көже, құрт, қаймақ т.б ұлттық тағамдарынан дәм татып, жасалу жолдарымен танысты.«Шағырлыой-рухани жаңғыру жолында»  алаңында ауыл тарихынан сыр шертер  кітап көрмесімен танысты. Елбасының  Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасының таныстырылымы өтті.

Жобаға қатысушылар Абай орта мектеп балабақша кешенінің 10-сынып оқушылары Қанадилов Бекзат, Әлішер Тажкенов пен жоба жетекшілері Айнагүл Марленқызы, Лаура Бейбітқызы. «Әдеби карта» алаңында қазақстанның географиялық картасынан танымал ақын-жазушылардың туған өлкесін тауып, «Библиошар» ойынында ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді.Шығармасынан үзінді оқыды.«Өмірім менің» алаңында қазақ поэзиясын ерекше  нұрландырып, жұлдыздай  жарқыратқан, намысты қайрап, қыр қазағын жыр бесігінде тербеткен  ақын Әбділда Тәжібаевтың  шығармашылығынан жыр шашу тамашалады.

«Ашық микрофон» алаңында шараға қатысушылар «бүгінгі шара сізге несімен ұнап жатыр?», «соңғы оқыған кітабыңыз туралы айтсаңыз?», «Оқыған кітаптарыңыздан жағымды жағымсыз кейіпкерлер туралы есіңізде бар ма?», «Қазіргі қоғамда кітапхананың ролі қандай?» деген сұрақтарға жауап алды. «Билио–кафе» алаңында оқырмандар тәттілерден дәм татып, түрлі түсті жолақтарда жасырылған тапсырмаларды орындады. Кештің «Ақпараттық коктейль» деп аталған алаңында оқырмандарға рухани азық беретін мерзімді басылымдар ұсынылды. Қазақтың ұлттық тағамдары «Библио бешбармақ», «Библиокөже» дәм тата отырып, тұрмыс салтқа байланысты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, оқырмандар белсене қатынасты.«Тілектер шарбағы» алаңында қонақтар естелік қолтаңбаларын қалдырды. «Буккроссинг» алаңында «Күндіз болмаса, түнде оқы» оқырмандар өздері ұнатқан шығармаларын таңдап, «Өзің оқысаң өзгеге табыс ет» кітапқұмарлар оқыған кітаптарын сыйға  тартты. Ауылдық клубтың әншісі М.Сисенов көңілді ән шырқап, кеш қонақтарының көңілін көтерді. ОКЖ директоры Айнұр Жасұланқызы шараға белсене қатынасқан оқырмандарға алғыс хат табыс етті. Шара соңында қонақтар фотосуретке түсті.

                                                                                                              

04.04.2019ж