• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі.

Бүгінгі күні ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда қаламын қару еткен жазушыларымыздың орны ерекше. Сондай қаламгерлер қатарында Социал Пұсырманов та бар. Жас ұрпаққа айтары бар, еңбек жолымен және өнегелі өмірімен үлгі болған азамат Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, жұбантанушы, зейнеткер ұстаз, қаламгер жерлесіміз Социал Жүркейұлы Пұсырмановтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлыларды ұлықтаған тұлға» атты кездесу кеші өтті. Аталмыш кешке Социал Жүркейұлының жұбайы, туыстары, сыныптастары,достары, жұмыстастары және аудандық кітапхананың оқырмандары қатысты. Шара барысында Социал Жүркейұлының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд назарларларына ұсынылып, аудандық демалыс орталығының әншілері Армат Алдамжаров, Мейірбек Қанатов және Нұрлыбек Байниязов әсем әнмен әуелетсе, аудандық кітапхана қызметкерлері бүгінгі кеш авторының өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар достары мен туыстары сөз кезегін алып, қызықты естеліктерімен бөлісті. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытынды сөз сөйлеп, Социал Жүркейұлына құрмет көрсетіп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. С.Жүркейұлы өзіне көрсетілген құрметке алғысын айтып, қатысушы қонақтарға өзінің кітаптарын сыйға тартты.