• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйек күні Орал қаласында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Бір көше – бір тарих» облыстық кітапханалық жобасы Сырым ауданы М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен М.Горький атындағы Орал қалалық  кітапхана жүйесімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

 «Бір көше - бір тарих» жобасының  шығарылымы Сырым елінен шыққан белгілі тұлғаларға арналды. Орал қаласында көше атауына есімі берілген Сырым өңірінен шыққан Сырым Датұлы, ЖаҺанша Досмұхамедов, Абдолла Жұмағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқадес Есламғалиұлы, Виктор Шубин сынды туған жердің тарландарының  өнегелі өмірі мен соңына қалдырған шығармашылығын, ерлік ісін, еңбегін, қайраткерлігін, мұрасын  насихаттайтын  «Сырым елінің тарихи тұлғалары» тақырыбында  кең  көлемді кітап көрмелерімен таныстырылды.Көрме жанында  (Сырым, Жаһанша, Абдолла, Қадыр, Мұқадес) тарихи тұлғалар бейнесі сомдалды.

  

Аталмыш жоба аясындағы шаралар  Мұқадес Есламғалиұлы көшесінде орналасқан жалпы білім беретін №26 орта мектепте «Тарихпен тамырласып, халықпен үндескен жазушы» тақырыбымен өлкетану калейдоскопы және Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Өлең-сөздің зергері - Қадыр ақын» тақырыбында әдеби-сазды альянспен  жалғасты.

  

Шараға Алматы қаласынан ҚР Ұлттық кітапханасының диссератациялар бөлімінің жетекшісі Гүлнар Махметқызы Бақтыгереева, өлкетанушы, Сырым ауданының құрметті азаматы Жайсаң Досболатұлы Ақбай, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дің тарих пәнінің мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Рамазанов Абылай, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Мағауияқызы Ойшыбаева, Орал қалалық М.Горький атындағы кітапхана мен Сырым, Бөкейорда, Қаратөбе аудандық кітапхана қызметкерлері қатынасты