• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

М.Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай үстіміздегі жылдың 10 қазан күні аудандық кітапхананың кітапханашылары әртүрлі мекемелерге барып, «Жыр жұлдызы - Фариза»  тақырыбында әдеби керуен ұйымдастырды.

Мекеме қызметкерлері Фариза Оңғарсынованың естеліктер жинағынан журналист, жазушы М.Қожахметованың «Фариза кеңістігі» естелігін, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғ.Әбдінәбиеваның «Тәрбие көрдік, тағылым алдық» естелігін, «Дауа» өлеңдер жинағынан «Өсиет», «Туған ауыл», «Әйелдің монологі», «Үміт және үкім» өлеңдерін мекеме қызметкерлері оқып, өз ойларымен бөлісті. Шараға «Қайсар» спорт клубының үйірме оқушылары, Аудандық Демалыс орталығы, ҚазТрансГазАймақ, Ауылшаруашылық бөлімі, «Сырым колледжі», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі, «Аудандық аурухана» мекемелері қатынасты.

2019 жылы Алғабас, Бұлдырты, Қазақстан, Қособа, Құспанкөл ауылдық кітапханаларда қазақтың "Поэзия падишасы - Фариза" тақырыбымен әдеби-сазды кеш өтті. Мақсаты: көрнекті ақын Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, шығармашылығын насихаттау. Ақынның жырларын ұстаздар қауымы да қызығушылықпен оқыды. Шараға көпшілік оқырман қатынасып, Жыр падишасының өмірі мен шығармашылығы, көркем туындылары таныстырылып, оқырмандар ақынның өлеңдері мен жырларын оқыды.  Кітапханашы Ф.Оңғарсынованың ақындық өнері, шығармаларының мақсат-мұраты, тағылымдық мәні мен мағынасы жайында   баяндап, оқырман қауымның жүрегінен орын алған шығармаларын таныстырып, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақыратыны туралы әңгімеледі. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» өлеңін кітапхана оқырманы Бақдаулет Қазақстан оқыды. Оқырмандар ақынның көркемсөз майданындағы туған жер, ерлік тақырыбындағы «Туған жер», «Ер-тұрман», «Ұрпаққа», «Қазақтың батырлары», «Ауыл» «Дала – менің қазынам, жыр сандығым», «Шеберсің-ау, табиғат, шіркін ана», «О, туған жер», «Туған ауыл» өлең-жырларын мәнерлеп оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады. «Жырлары жанарында жарқылдаған» тақырыбында кітап көрмесі, ақынның фотосуреттерінен фотокөрме жасақталып  библиографиялық шолу жасалды.

 

 

.