• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Үш бәйтерек» - ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты. Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» атанған С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында кітапханашы А.Арыстанғалиева шара барысында қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің өмірі мен шығармалары туралы баяндап өтті. Осы орайда 6 қараша күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында Үш бәйтеректің бірі көрнекті жазушысы, драматург «Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің хас шебері» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлағатты адамдардың өмірі мен шығармашылық жолын оқырмандарға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту. Шығармашылық жұмыс істеуге, іздемпаздыққа үйрету. Елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру. 

 Жасөспірімдер Жолдықайырова М, Мақсотова А - Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Күлпаш», «Айт күндері», «Қырмызы», «Мырқымбай», «Мұқтаждық», «Жазғы кеш», «Елге барғанда» тағы да басқа өлеңдерін оқып, мазмұнын түсіндірді. Кітапхана оқырмандары Ғиниятова А, Сағидуллиева Г, Молдаш Д. жазушының шығармаларын оқыды. «Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Дарын даралығы» тақырыбында бейнеслайдты оқырмандар назарына ұсынды.

 

 

.