Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған "Маған 28" челленджін М.Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапханадан қабылдап алып, Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасы өз үлесін қосты. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне 28 кітап шығарылып, библиографиялық шолу жасалды.