• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған "Маған 28" челленджін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан М.Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапханасы қабылдап алып, ауылдық кітапхана қызметкерлеріне жолданды. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне 28 кітап  шығарылып, библиографиялық шолу жасалды.