• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына елеулі үлес қосқан,  елді оқуға, білім алуға шақырған, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері қазақ әдебиетінің хас тұлғасы, белгілі жазушы, драматург Бейімбет Майлин, қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіров, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен,  алаштың ардақтысы ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына биыл 125 жыл толып отыр.

2019 жылы М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша Аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Бұлдырты, Шағырлыой, Өлеңті ауылдық кітапханаларында Ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен «Үш арыстың» шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің кемеңгер қаламгерлері» тақырыбында оқырмандар конференциясы оздырылды. Конференцияның мақсаты оқырмандарға «Үш бәйтерек» атанған С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды ұлы тұлғалардың шығармашылығын таныстырып, өскелең ұрпаққа баға жетпес мұрасын, еңбектерін насихаттау. Шараға мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ұлағатты ұстаз А.Сағитқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Қабдоллақызы, Л.Науайқызы, жерлес ақын Есен Баймуханбетов  қатынасты.  Шара барысында кітапханашы қазақ әдебиетінің түрлі жанрында қалам тартып, дәуір түлектеріне үн қосқан үш бәйтерек хақында кіріспе сөз сөйледі. Оқырмандар назарына «Үш бәйтерек» тақырыбында бейнеролик  ұсынылды.

Кітапхана оқырмандары жазушы Б.Майлиннің «Мұқтаждық», «Ауыл», «Кедейлік», «Байлыққа» шығармалары, ақын  І.Жансүгіровтің шоқтығы биік  шыңы поэмалары, қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» секілді он беске жуық поэмаларымен таныстырылып, ақын С.Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы, Жымпиты ауылына келуі туралы мағлұмат беріліп, өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп оқыды.

 

.