• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Әбіш әлемі» атты шығармашылық байқауына М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандары қатысып, нәтижесінде эссе жазу аталымы бойынша Аудандық кітапхананың оқырмандары А.Ойшыбаева, Ш.Молданиязова, Алғабас ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Ұ.Карина, Алғабас ауылдық модельді кітапханасының оқырманы Г.Оразай,  арнау-өлең жазу аталымы бойынша кітапхана оқырманы Ш.Құмар сертификатқа ие болды.