• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

 

5 қаңтар күні М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ қарасты Аудандық кітапхана, Аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Бұлан, Бұлдырты, Қазақстан, Қособа, Қосарал, Құспанкөл, Өлеңті ауылдық кітапханаларында өлкеміздің мақтанышы, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, аудармашы, публицист Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай флеш акция «Қадырдан бір өлең» айдарымен әдеби марафонның ашылуы, «Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың!» тақырыбында поэзия сағаты, «Елі қадірлеген Қадыр ақын» атты тақырыптық кеш, «Қазақ жырының Қадыры» атты әдеби-танымдық кеш, «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты әдеби алъянс ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, өлеңдері оқылып, ақын туралы бейнеролик көрсетілді. «Асыл сөздің зергері» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

.