• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Аудандық балалар кітапханасы Ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай оқырмандардың рухани құндылығы – кітап оқуды кеңінен насихаттау мақсатында «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» онлайн әдеби бульвар ұйымдастырып, фейсбук әлеуметтік желісіне жариялады.

 

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыстануға көмектесу.

 

Айтулы іс-шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары, Абай Құнанбаев атындағы көшенің тұрғындары қатысып, Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқыды.

 

"Ұлы Абайдың данышпандығы өз алдына бөлек әңгіме. Аталмыш шарада оқырмандар Абай өлеңдерін оқыса, Абай ақынға өлең арнап,  Абай туралы ойларын ортаға салды.  


Абай көшесінің тұрғындары кітапхана оқырмандары Рахимкулова Данагүл ақынның өмір жолымен таныстырып,  Дүйсенғалиев Нұрайдар ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін, Кеңес Әлижан «Күз», «Қалың елім қазағым», Әнуарбек Батырбек  «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Әнуарбек Рауан «Қалың елім қазағым қайран жұртым» өлеңдерін, Кеңес Асылжан ақынның отыз бірінші қара сөзін мәнерлеп  оқыды.