• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Үстіміздегі жылдың 30 қазан күні Мәдениет үйінде Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханашыларының «Кітапхана және жастар: өзара тиімді әрекеттестік», «Оқырмандарға көркем әдебиетті оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында кезекті зерделі кеңесі өтті. Зерделі кеңеске мекеме басшысы А.Уалиахметова, жүйе кітапханашылары қатысты. Күн тәртібінде мекеме басшысы А.Уалиахметова «Төтенше жағдай кезіндегі кітапхана жұмысы: басты назар аударатын жағдайлар», Аяқкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Д.Бекчурина «Кітапхана және жастар: өзара тиімді әрекеттестік», Өлеңті ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Ұ.Хасанова «Оқырмандарға көркем әдебиетті оқытудың тиімді жолдары: Ауыл кітапханаларының көркем әдебиетпен жұмыс жасау тәжірибесі» тақырыптарында баяндама оқып, Әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Т.Тулешова «Тарихы терең, еңбегі ерен өлке» онлайн кітапханалық жобасының таныстырылымын жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

Кітапханашылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскерлері Л.Бергалиева,  Р.Муханбеткалиева "Мозайка" шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шеберлік сағатқа кітапханашылар қызығушылықпен,  белсене ат салысты.

 

Кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға кітаппен толықтыру және құжаттарды өңдеу бөлімінің меңгерушісі Б.Бекмухамбетова, Әдістемелік-библиографиялық бөлімнің әдіскерлері Т.Тулешова, Л.Бергалиева 2020 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстың нәтижесіне, онлайн кітапханалық жобаларға, байқау қортындыларына тоқталып, жыл бойы ұйымдастырылған байқауларға, көпшілік шараларға белсене қатысқан кітапхана оқырмандарын марапаттады.

 

Шара барысында Мәдениет және өнер қызметкерлері «Рухани қазына - 2020» фестивалінің республикалық кезеңіне қатысқан «Үздік аудандық кітапхана қызметкері» аталымы бойынша А.Мамбетьярова /Аудандық кітапхананың кітапханашысы/, «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Ұ.Карина /Алғабас ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі/ марапатталды. Мекеме басшысы А.Уалиахметова Ұ.Каринаға ҚР Ұлттық кітапханасының арнайы сыйлығын табыстады.

 

Сонымен қатар, «Мен қазақпын» поэмасының авторы, айбынды ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық «Жұбан оқулары» онлайн байқауының жеңімпаздары, қатысушылары А.Дүйсенбаева /Алғабас а/к, 1 орын/, Н.Айткулов /Қазақстан а/к 2 орын/, А.Жетпісқалиев /Аудандық кітапхана 3 орын/ дипломмен, алғыс хаттармен  марапатталды.