• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Ауданымыздың өміріндегі ең өзекті де өткір мәселелерді қаузап келе жатырған халықтың тілі һәм құлағы "Сырым елі" газетінің 90 жылдық тойы құрметіне 9 желтоқсан күні "Баспасөз қоғам айнасы" тақырыбында, айтыскер ақын Жаңыл Жұрмағамбетованың туғанына 95 жыл толуына орай "Айтыстың алғашқы қарлығашы" атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, кітапханашылар Г.Жантурина мен А.Мамбетьярова облыстан келген меймандарға, көпшілік оқырмандарға таныстырды. Көрмеде «Сырым елі» редакциясында әр жылдарда қызмететкен тұлғалардың суреттері, мақалалары мен қолжазбалары көрме сөресінен табылды.