• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Рухани қазына–2020»

онлайн фестивалі

 

«Рухани қазына–2020» ІІІ онлайн фестивалі 2020 жылы  республикалық және өңірлік ұйымдар арасында тәжірибе алмасу, біртұтас мәдени кеңістікті дамыту, өңірлердің мәдени мұраларымен таныстыру және кітапханалар жұмысындағы жаңа ұсыныстарды іздестіру, халықтың өз жерінің дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін жаңарту мақсатында ұйымдастырылған Мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына–2020» ІІІ онлайн фестиваліне «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Алғабас ауылдық модельді кітапханасының қызметкері Ұ.Карина, «Үздік аудандық кітапхана» қызметкері аталымы бойынша А.Мамбетьярова, «Үздік ауылдық кітапхана» аталымы бойынша Аяқкөл ауылдық кітапханасы қатынасты. Қатысушылардың жұмыстары ұйымдастырушыларға жолданды. Фестивалдің республикалық кезеңіне  «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Алғабас ауылдық модельді кітапханасының қызметкері Ұ.Каринаның, «Үздік аудандық кітапхана» қызметкері аталымы бойынша А.Мамбетьярованың жұмыстары жолданды. Фестиваль қорытындысы бойынша Алғабас ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Ұлболсын Қалқаманқызына ҚР Ұлттық кітапханасының арнайы сыйлығы табысталды.