• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

10 желтоқсан күні  аудандық мәдениет үйінің фойесінде кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту бағытында «Biblioқошемет» 2021 салтанатты шарасы оздырылды. Әдеби мұраның қара шаңырағына айналған М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2021 жылы атаулы даталарға толы болды. Атап айтсақ: «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «2021 жыл-Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы», «Бір ел– бір кітап 2021» республикалық кітап оқу акциясы аясында 30 жылға–30 кітапты оқуға ұсынылуы, жерлес жазушы Мұқадес Есламғалиұлының 75 жылдығы, Ұлттық Академиялық кітапханасынан бастау алған «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылу сәті, жерлес майдангер жазушы Жәрдем Тілековтің 110 жылдығы. Шара барысында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынған поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрлары бойынша әдебиеттерден үзінді оқылды. Аталмыш акция аясында ұйымдастырылған «Бір ұжым-бір кітап» жобасы шеңберінде  «Қазақ әдебиетінің білгірі», «Парасатты оқырман», «Эрудит оқырман», «Зерделі оқырман», «Кітапқа шын ғашық оқырман», «Ізденімпаз оқырман», «Талғампаз оқырман», «Кітапхананың белсенді оқырманы» номинацияларымен оқырмандар марапатталып, диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.  Жыл бойы ең көп кітап оқыған оқырмандар «Үздік оқырман-2021» аталымымен, 14-21 жас аралығындағы оқырмандар арасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан: кеше,бүгін  және ертең» тақырыбында эссе байқауы, 20-30 жас аралығындағы оқырмандар арасында «Парасат жолы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында эссе байқауы, 5-7 сынып оқушыларының арасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған «Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің негізі» тақырыбында онлайн байқауы, 35 жасқа дейінгі оқырмандар арасында Волгоград облыстық жастар кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, этнограф Владимир Дальдің туғанына 220 жыл толуына орай  «Даля читали!?» халықаралық online-фестивалі, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алғыс хатымен  белсенді оқырмандар  марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Шара соңында  оқырмандар назарына «30 жылға-30 кітап», «Балалар әдебиетінің алыптары», «Лебіздер бұрышы», «Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа әдебиеттер» инсталляциясы, «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» кітап көрмесі ұсынылды. Мекеме басшысы А.Уалиахметова барша оқырмандарға жүрек жарды жылы лебізін айтып, алғыс білдіріп, шараны қорытындылады.