• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасына 55 жыл толуына орай Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК жариялаған «Жұбан жыры жадымызда» фестиваль-марафонын қолдау мақсатында М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ кітапханаларында (аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, Шағырлыой, Алғабас, Бұлан, Қызылағаш ауылдық кітапханалары) үстіміздегі жылдың 15 наурыз күні сағ. 11.00-де бір мезетте «Ел жадынан өшпейді Жұбан ақын» тақырыбымен флэш акция оздырылды. Шараның мақсаты: Ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын насихаттау, «Мен - қазақпын» поэмасын оқыту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын қолдау, олардың поэзияға, өлең оқуға деген құштарлығын арттыру, шығармаларының мазмұнын терең түсінуге, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер беріліп, бейнефильм, слайд көрсетілді, кітапхана оқырмандары ақынның өлең-жырларын, «Мен – қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқыды. Шараға 5 жастан бастап  оқырмандар тобы қатынасты.

 

                                                                                                          15.03.2019ж