• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Рухани жаӊғыру" мемлекеттік бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі әдістемелік-библиографиялық бөлімнің  ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында кітапханаларда  «Алпамыс  батыр» жырын оқу эстафетасы оздырылды.

Аталмыш шараға  21 кітапханадан  5-8 сынып оқушылары арасынан барлығы 69 оқырман қатысты.Көздіғара а/к, Тасқұдық а/к, Жырақұдық ауылдық кітапханалары қатысқан жоқ. «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқумен қатар мазмұнын терең түсініп оқу барысында дайындалған бейнеролик арқылы 27 қыркүйек күні қорытындыланды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға жүлделі  орындар берілді: І орын Балорақ Ардақ (ауд.бал/к), ІІ орын Байқуанышова Жансая (Қараганды а/к), ІІІ орын Баксиков Арсен (Алғабас а/к) және қалған үміткерлерді  ынталандыруда алғыс хат пен сыйлықтар берілді.

 

.