• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2018 жылдың желтоқсан айында еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы» атты  жобалар іске қосылған болатын.

 

Бұл жоба бойынша біздің өңірде де «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы, яғни жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағытында жыл басынан іске асырылып келеді. Осы орайда 7 қараша күні аудандық кітапханада жастарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, адал жолмен жүруге үйрету, өз ойларын еркін жеткізе білу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараға «Сырым жастары», Жастар ресурстық орталығы, Сырым колледжінің оқытушылары, Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері, Туризм орталығы, аудандық экономика және қаржы бөлімі, С.Датұлы ат. таихи-өлкетану музейі, ауыл әкімшілігі, аудандық ішкі саясат бөлімі, Сырым ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, Сырым аудандық прокуратурасы, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы», Аудандық аурухана, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің жастары қатысты. Шара барысында "Жемқорлықсыз өмір" атты қысқаметражды фильм оқырман назарларына ұсынылып, сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар дайындалып, жастар өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.