• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Үстіміздегі жылдың 29 қараша күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Кемел елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі жайында мәлімет бере отырып, өскелең ұрпаққа үлгі ету, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Кітапханашы Арыстанғалиева Ақсұлу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбектері жайында бейнеслайдты оқырман назарына ұсынды. Шараға Сарой ауылдық округінің бас маманы Қадырова А, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайырбаева Алмагүл Ынтазарқызы, мәдениет қызметкерлері қатынасып, Елбасын еңбек жолдарынан мысал келтіріп оқырмандарға үлгі етіп, кітаптарына тоқталып,  тілектерін білдірді.

Қазақ ақындарының Елбасына арнаған өлеңдерін Абай орта мектебінің 2 сынып оқушылары – Серік Елдос «Ту», Серік Еділ «Ел бастаған Елбасы»,  Ғарифолла Айша «Елбасы», Хамидолла Есенаман «Қазақстан» тағы басқа арнауларды оқыды. «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.